Бірыңғай төлем құжат дегеніміз не?


Бірыңғай төлем құжат - бұл тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлем түбіртек үлгісі. Бірыңғай төлем құжат үлгісі тұрғын үйлерді жөндеу мен күту және көрсетілетін коммуналдық қызметтерге төлем жасау мақсатында жасалынып дамытылуда. БТҚ-ны енгізген жағдайда бірнеше түбіртекті төлеудің қажеттілігі болмайды. Бірыңғай төлем құжат келешекте үй-жайды пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерін біріктіруі қажет, сонымен қатар интернет пен байланыс. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне қажет төлемдері көрсетілген бір ғана құжатты алу ыңғайлы, сондай-ақ барлығын бірге бірден төлеу және де кез-келген сұрақпен бір ғана ұйымға қаралуда ыңғайлы.

Көмек керек пе?