Жалпы сомасы қалай есептелінеді
Тұрмыстық тұтынушыларға арналған пайдаланылған электр құаттың есепке арналған екі нұсқа бар:
1. Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде
2. Тәулік мерзімі бойынша
Бірінші нұсқа бойынша егер электр есептегіш құрал Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен нормаларға, сондай-ақ уақытында мерзімді тексеруден өткен болса аспапты ауыстыру қажеті жоқ.
Жоғарыда көрсетілгендей тұтынудың 3 деңгейі бар (70кВт*с дейін, 70-тен 150кВт*с дейін, 150кВт*с жоғары осы тұрғын үйдің 1 тіркелген тұрғынына).
* 3 адамы бар отбасы нұсқасын қарастырайық. территориалды ХҚКО-мен берілген немесе egov.kz сайтындағы жеке кабинеттен алынған мекенжай анықтамасымен расталады.
Отбасы бір айда пайдаланған электр құаттың мөлшері 560кВт*с. Есеп келесідей болады:
3 тіркелген тұрғын бар екенін ескере отырып:
1 деңгей бойынша 210кВт*с
2 деңгей боынша 240кВт*с (150-70=80 х 3 = 240кВт*с)
210 + 240 = 450 кВт*с
Осы мөлшерден асып кетсе 3 деңгеймен есептеледі, яғни
560 - 450 = 110кВт*с
Осылайша, қарыздың сомасын есептеуге болады
1 деңгей 210кВт*с х 15,9264 теңге = 3 344,54 теңге
2 деңгей 240кВт*с х 20,5184 теңге = 4 924,52 теңге
3 деңгей 110кВт*с х 25,6592 теңге = 2 822,51 теңге
Жиыны: 3 344,54 + 4 924,52 + 2 822,51 = 11 091,47 теңге
Екінші нұсқа бойынша тұтынушыда тәулік зоналары бойынша есептеу функциясы бар есеп құралы орнатылуы тиіс.
Осындай есеп құралдары сатылымда бар және оның деректерін бағдарламалау үшін білікті персоналы да бар.
Осы жағдайда есеп айырысу кезінде тіркелген адам саны маңызды емес.
Келесі есеп нұсқаны қарайық: пайдаланған электр құаттың мөлшері 320кВт*с, оның ішінде күндізгі мерзімде (7-00 ден 23-00 дейін) 168кВт*с, ал түңгі мерзімде (23-00 ден 7-00 дейін) 152 кВт*с.
тарифтердің мөлшерін біле отырып, есептеп алайық:
күндізгі тұтыну 168кВт*с х 23,9568 теңге = 4 024,74 теңге
түңгі тұтыні 152кВт*с х 6,8544 теңге = 1 041,87 теңге
Жиыны: 4 024,74 + 1 041,87 = 5 066,61 теңге
59.68 % жауапты пайдалы деп есептейді. Бұл жауап Сізге пайдалы болды ма