Электр қуатымен жабдықтау қызметінің тарифі электр қуатын өндіру, республикалық және облыстық деңгейдегі электр желілері арқылы тасымалдау мен тарату, электр қуатты реттеу, электр қуатымен жабдықтаушы мекемелердің тарифтердің және тағы басқа шығындар қосындысы арқылы құралады.
Қазіргі таңдағы "Энергосервис" ЕЖШС тарифтері келесідей:
Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде электрплиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін сараланған тариф: | ||
- 1-ші деңгей 70кВт*с дейін | 1 адамға айына | 15,1312 теңге ҚҚС-мен |
- 2-ші деңгей 70-тен 150кВт*с дейін | 1 адамға айына | 19,4992 теңге ҚҚС-мен |
- 3-ші деңгей 150кВт*с жоғары | 1 адамға айына | 24,3824 теңге ҚҚС-мен |
Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде электрплиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін сараланған тариф: | ||
- 1-ші деңгей 90кВт*с дейін | 1 адамға айына | 15,1312 теңге ҚҚС-мен |
- 2-ші деңгей 90-нан 150кВт*с дейін | 1 адамға айына | 19,4992 теңге ҚҚС-мен |
- 3-ші деңгей 170кВт*с жоғары | 1 адамға айына | 24,3824 теңге ҚҚС-мен |
Тұтыну көлемі негізінде жалғыз тұратын ҰОС ардагерлері және осыларға теңестірілетін мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер ұшін сараланған тариф: | ||
- 1-ші деңгей 100кВт*с дейін | 1 адамға айына | 15,1312 теңге ҚҚС-мен |
- 2-ші деңгей 100-нан 150кВт*с дейін | 1 адамға айына | 19,4992 теңге ҚҚС-мен |
- 3-ші деңгей 150кВт*с жоғары | 1 адамға айына | 24,3824 теңге ҚҚС-мен |
тәулік мерзімі бойынша жеке тұлғалар үшін сараланған тариф: | ||
- күндізгі мерзім (7-00-ден 23-00-ге дейін) | 1кВт*с үшін | 22,7696 теңге ҚҚС-мен |
- түнгі мерзім (23-00-ден 7-00-ге дейін) | 1кВт*с үшін | 6,5184 теңге ҚҚС-мен |
0.00 % жауапты пайдалы деп есептейді. Бұл жауап Сізге пайдалы болды ма
Қазақстан Республикасының Азматтық кодексі бойынша Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады.
Электр құатымен жабдықтау қызметінің жария шарты бойынша тұтынушы есептесу айынан кейіңгі айдың 25-не дейін қарызын өтеуге міндетті.
Өсім пұлдың әр күнгі мөлшері ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5-не еселі. Айып пұл келесі жағдайда есептеледі:
Қаңтар айында (есептесу айы) электр құаттың пайдаланған сомасы 10 000 теңге.
Қарыз өтелмесе, келесі айдың (ақпан) 26-нан бастап өсім пұл келесі формуламен есептеледі
* ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 5,5%
1,5-не еселі мөлшермелесі 1,5 х 5,5% = 8,25%
Бір күндік проценттің мөлшерін есептеу қажет
8,25% ÷ 365 күн = 0,0226% әр күнге
Осылайша, бір күндік өсімпұлдың мөлшері
10 000 теңге х 0,0226% = 2,26 теңге
Осы ақша мөлшері қарыз бен айып пұл толық өтелмейінше есептеледі.
100.00 % жауапты пайдалы деп есептейді. Бұл жауап Сізге пайдалы болды ма
Дербес шот деген жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуларды есепке алу үшін арналған шот, онда белгілі клинеттің барлық қаржылық-несиелік операциялар көрсетіледі
100.00 % жауапты пайдалы деп есептейді. Бұл жауап Сізге пайдалы болды ма
Тұрмыстық тұтынушыларға арналған пайдаланылған электр құаттың есепке арналған екі нұсқа бар:
1. Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде
2. Тәулік мерзімі бойынша
Бірінші нұсқа бойынша егер электр есептегіш құрал Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен нормаларға, сондай-ақ уақытында мерзімді тексеруден өткен болса аспапты ауыстыру қажеті жоқ.
Жоғарыда көрсетілгендей тұтынудың 3 деңгейі бар (70кВт*с дейін, 70-тен 150кВт*с дейін, 150кВт*с жоғары осы тұрғын үйдің 1 тіркелген тұрғынына).
* 3 адамы бар отбасы нұсқасын қарастырайық. территориалды ХҚКО-мен берілген немесе egov.kz сайтындағы жеке кабинеттен алынған мекенжай анықтамасымен расталады.
Отбасы бір айда пайдаланған электр құаттың мөлшері 560кВт*с. Есеп келесідей болады:
3 тіркелген тұрғын бар екенін ескере отырып:
1 деңгей бойынша 210кВт*с
2 деңгей боынша 240кВт*с (150-70=80 х 3 = 240кВт*с)
210 + 240 = 450 кВт*с
Осы мөлшерден асып кетсе 3 деңгеймен есептеледі, яғни
560 - 450 = 110кВт*с
Осылайша, қарыздың сомасын есептеуге болады
1 деңгей 210кВт*с х 15,9264 теңге = 3 344,54 теңге
2 деңгей 240кВт*с х 20,5184 теңге = 4 924,52 теңге
3 деңгей 110кВт*с х 25,6592 теңге = 2 822,51 теңге
Жиыны: 3 344,54 + 4 924,52 + 2 822,51 = 11 091,47 теңге
Екінші нұсқа бойынша тұтынушыда тәулік зоналары бойынша есептеу функциясы бар есеп құралы орнатылуы тиіс.
Осындай есеп құралдары сатылымда бар және оның деректерін бағдарламалау үшін білікті персоналы да бар.
Осы жағдайда есеп айырысу кезінде тіркелген адам саны маңызды емес.
Келесі есеп нұсқаны қарайық: пайдаланған электр құаттың мөлшері 320кВт*с, оның ішінде күндізгі мерзімде (7-00 ден 23-00 дейін) 168кВт*с, ал түңгі мерзімде (23-00 ден 7-00 дейін) 152 кВт*с.
тарифтердің мөлшерін біле отырып, есептеп алайық:
күндізгі тұтыну 168кВт*с х 23,9568 теңге = 4 024,74 теңге
түңгі тұтыні 152кВт*с х 6,8544 теңге = 1 041,87 теңге
Жиыны: 4 024,74 + 1 041,87 = 5 066,61 теңге
0.00 % жауапты пайдалы деп есептейді. Бұл жауап Сізге пайдалы болды ма