Өсім (айып пұл)
Қазақстан Республикасының Азматтық кодексі бойынша Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады.
Электр құатымен жабдықтау қызметінің жария шарты бойынша тұтынушы есептесу айынан кейіңгі айдың 25-не дейін қарызын өтеуге міндетті.
Өсім пұлдың әр күнгі мөлшері ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5-не еселі. Айып пұл келесі жағдайда есептеледі:
Қаңтар айында (есептесу айы) электр құаттың пайдаланған сомасы 10 000 теңге.
Қарыз өтелмесе, келесі айдың (ақпан) 26-нан бастап өсім пұл келесі формуламен есептеледі
* ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 5,5%
1,5-не еселі мөлшермелесі 1,5 х 5,5% = 8,25%
Бір күндік проценттің мөлшерін есептеу қажет
8,25% ÷ 365 күн = 0,0226% әр күнге
Осылайша, бір күндік өсімпұлдың мөлшері
10 000 теңге х 0,0226% = 2,26 теңге
Осы ақша мөлшері қарыз бен айып пұл толық өтелмейінще есептеледі.
100.00 % жауапты пайдалы деп есептейді. Бұл жауап Сізге пайдалы болды ма